Жаңалықтар

Алматы BeWoman Asia 2025-ке дайындалып жатыр

Алматы тағы да әлем назарын өзіне аударатын орталыққа айналмақ. Қыркүйек айының соңында «аймақтың басты интеллектуалдық алаңы» деп аталып жүрген ірі шара өтеді. 26 қыркүйекте Республика Сарайында бизнес, ғылым, технология және мәдениет саласының көшбасшылары жиырмаға жуық елден жиналады.

Әйелдер форумы өз биігінен асқанда

BeWoman Asia форумы бастапқыда жергілікті жоба ретінде ойластырылғанымен, тек әйелдерге ғана арналмағанын көрсетті. Бүгінде бұл – аймақ пен әлемнің болашағын айқындайтын трендтер талқыланатын халықаралық сахна. Биылғы жылдың тақырыбы — The Power of Generations / Ұрпақтар күші.

Ұйымдастырушылар аға буын тәжірибесі мен жастардың амбициясы бірігіп, жаңа экономикалық үлгілер мен әлеуметтік өзгерістерге жол ашатынын көрсетуді мақсат етеді.

Биылғы жаһандық форум талқылауының ортасында жасанды интеллект пен цифрлық инновациялар, ESG және тұрақты инвестициялар, кәсіпкерлік пен қаржылық тәуелсіздік, болашақтың білімі, креативті экономика және мәдениеттің даму драйвері ретіндегі рөлі бар.

«BeWoman — бұл идеялар жүзеге асып, нақты жобаларға айналатын платформа. Мұнда тұтас салаларды өзгертетін коллаборациялар дүниеге келеді», — дейді форумның негізін қалаушы Жанна Кан.

Әлемдік деңгейдегі спикерлер

Алматыда 95-тен астам спикер күтілуде. Олардың қатарында халықаралық деңгейде танымал мамандар бар: бизнес-тренер Брайан Трейси (онлайн), өсу стратегиялары бойынша сарапшы Рита Макграт (Колумбия бизнес-мектебі), Women in Tech негізін қалаушы Аюми Мур Аоки, тележүргізуші әрі журналист Владимир Познер, философ және саясаткер Ирина Хакамада, Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким, кәсіпкерлер мен меценаттар Игорь және Екатерина Рыбаковалар және басқалар.

Форумға 3 000-нан астам қатысушы келеді деп күтілуде.

Бұл неге маңызды

2024 жылы Алматыдағы BeWoman офлайн және онлайн форматта 9 000 қатысушыны жинап, 13 елдің тәжірибе алмасуына себепкер болды. Сол кезде сахнада Мэй Маск, Ксения Собчак, Арсен Томский және тағы басқа танымал тұлғалар сөз сөйледі.

Енді форум кеңейтілген форматта қайта оралады — ұйымдастырушылардың айтуынша, BeWoman 2025 одан да ауқымды әрі ықпалды шара болмақ, себебі жобаға мемлекет тарапынан да қызығушылық бар. BeWoman Қамқоршылық кеңесін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева басқарады.

«Әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері мәселесі бүгінгі таңда президенттік реформалардың басты басымдықтарының бірі. Азаматтық белсенділердің бастамасымен пайда болған BE WOMAN форумы – теңдік пен қауіпсіздікті қорғау, құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту жұмысының заңды жалғасы. Әрі бұл жаһандық деңгейдегі шараны қазақстандық әйелдердің бастамасымен өткізу символдық мәнге ие. Ол мемлекеттің атқарған жұмысын күшейтіп, еліміздің халықаралық диалог пен көшбасшылық орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады», — деді министр.

Алматы – жаһандық сахна ретінде

BeWoman-ды «қайта құру форумы» деп атауға болады: ол тек әртүрлі салаларды – технологиядан өнерге дейін – біріктіріп қана қоймай, Алматының ең жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталастар алаңы болып келе жатқанын көрсетеді.

Өткен жылғыдай, қатысушыларды шабыттандыратын баяндамалар, бірнеше сахнада өтетін 10-нан астам панельдік сессиялар, мастер-класстардың премьералары мен нетворкингтен тұратын 9 сағаттық қанық бағдарлама күтеді. Сондай-ақ Алматыда СКОЛКОВО басқару мектебінің «BeWoman форумын өткізу Қазақстандағы әйелдер бизнесіне қалай әсер етті» атты зерттеуі таныстырылады.

Сонымен қатар, Орталық Азияның жас таланттарын қолдауға арналған «Болашақты бейнелеу» атты стипендиялық бағдарлама іске қосылды. Оның мақсаты — жас суретшілерге жаңа мүмкіндіктер ашу, өзін-өзі жүзеге асыруға ресурстар беру және өнерді аймақтағы мәдени әрі әлеуметтік өзгерістер драйверіне айналдыратын платформа құру. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан қатысушылардың жұмыстары 10 тамызға дейін қабылданды, ал 20 қыркүйекте Almaty Gallery-де финалистердің көрмесі ашылады.

Форумға қалай қатысуға болады

Тіркеу ресми сайтта ашық: bewoman.asia. Орындар шектеулі.

Фото: Дина Сайпышева, Жандос Ергазиев

Ақпараттық қолдау