Алматыда BNK Commercial Bank-інің офисі ашылды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
BNK Commercial Bank – микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жолымен құрылған алғашқы шетелдік банк / Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Алматыда жаңа BNK Commercial Bank-тің офисі салтанатты түрде ашылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРРДА) хабарлағандай, бұл микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жолымен құрылған алғашқы шетелдік банк.

Банк офисінің ашылу салтанатына Оңтүстік Кореяның BNK Financial Group тобының жетекшілері қатысты. Топтың жалпы активтері 114 миллиард АҚШ долларына жетіп, өз капиталы шамамен 8 млрд долларға тең.

Іс-шарада ҚНРРДА басшысы Мәдина Әбылқасымова сөз сөйлеп, банк жүйесі үшін маңыздылығын атап өтті.

«Біз үшін бұл оқиғаның өте маңызды тарихи мәні бар, себебі бұл Қазақстанда микроқаржы ұйымын банкке айналдыру арқылы құрылған алғашқы шетелдік банк. Екіншіден, бұл Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген соңғы 15 жылдағы алғашқы банктік лицензия. Сондай-ақ, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда қызметті жүзеге асыруға банктік лицензия алған алғашқы шетелдік банк», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Жаңа банк шағын және орта бизнесті несиелендіруге маманданған. ҚНРРДА мәліметтері бойынша, 2025 жылдың алғашқы алты айында ШОБ несиелік портфелі 26,7 млрд долларды құрап, 8% өсім көрсеткен. Сонымен қатар, банк Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға үлес қосуы тиіс.

Айта кетейік, бұрынғы МҚҰ банк лицензиясын тек 2025 жылдың 25 маусымында алған. Ресми тіркелгеннен кейін жаңа BNK Commercial Bank елдегі активтер бойынша соңғы орында тұр. Бұл көрсеткіш 27,5 млрд теңгені құрайды, ол Ислам Заман-Банкінен 4 млрд теңгеге, яғни 12,7%-ға кем.

Екінші деңгейлі банктер қатарына жаңа қосылған BNK Commercial Bank-ке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тәртіптік жаза қолданылған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз