Жаңалықтар

Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді

Фото: akorda.kz

Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

фото: Telegram-канал БОРТ №1
Фото: БОРТ №1 Telegram-арнасы

Telegram-дағы БОРТ №1 каналының мәліметі бойынша, Иордания Королі мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары алып жүрген.

Фото: akorda.kz

Айта кетейік ертең мемлекет басшылары келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысады.

Фото: akorda.kz