Lifestyle

Қазақ киіз үйі Невададағы дауылға төтеп беріп, шетелдіктерді таңқалдырды

АҚШ-тың Невада штатындағы Блэк-Рок шөлінде өтетін әйгілі Burning Man фестивалінде Қазақстан делегациясы алғаш рет ұлттық киіз үйді таныстырды. Фестивальдің алғашқы күнінде-ақ киіз үйдің төзімділігі жұртты шетелдіктерді тәнтті етті.

Лагерьде 80 км/сағ жылдамдықпен соққан екіпнді жел болып, шаңды дауыл бүкіл аумақты алып кеткен. Көптеген шатырлар, уақытша құрылыс нысандары табиғаттың тосын мінезіне шыдай алмай, қирап қалды. Мысалы, украиналық қатысушылар алып келген «Қара бұлт» атты арт-нысан ойластырылған дизайнына қарамастан, дауылдың он бес минутына ғана төтеп берген. Екпінді жел салдарынан ол толығымен қирап қалған.

Табиғаттың тосын мінезіне Қазақстаннан апарылған киіз үй ғана төтеп берген. Куәгерлердің айтуынша, дәл осы киіз үй дауыл кезінде ең қауіпсіз баспана болған.

 Ұйымдастырушылар ауа райы әлі де тұрақсыз болатын ескертті. Соған қарамастан, мыңдаған адам лагерьде қалып отыр.

Burning Man фестивалі 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Куәгерлердің айтуынша, табиғи сынақтар қонақтар арасындағы бірлік пен ортақ рухты одан әрі күшейтіп отыр. Фестивальде киіз үй орнатқан TENGRI CAMP лагерінің өкілдері қатысушыларды елдің мәдени кодын танытатын өзге де маңызды элементтермен таныстыруды жоспарлап отыр. Қазақстандықтар өздерімен бірге ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқ пен кілемдер алып келген. Сондай-ақ фестивальде бауырсақ, бесбармақ, қымыз және басқа да ұлттық тағамдарды дайындау үшін қажетті өнімдер жеткізілген. Делегацияны Асхат Мұратов бастап барды.