Алматыда көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды
Жарияланды

Алматыда автокөлік ішінен ер адамның мәйіті табылды. Ақпаратты қаланың полиция департаменті растады.
«Түрксіб ауданында автокөліктен ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Қинап өлтіру белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады полиция.
Ер адамның неден қайтыс болғанын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Істі Түрксіб аудандық полиция басқармасы қарап жатыр.