Алматыдағы Қастеев музейі желтоқсанға дейін жабық болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қастеев музейі желтоқсанға дейін жабық болады/фото: gmirk.kz

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы ұлттық өнер музейі жөндеуге жабылады. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қажетті жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты Әбілхан Қастеев атындағы ұлттық өнер музейі желтоқсанға дейін уақытша жабық болады», – делінген ақпаратта.

Бұл шара сіздерге көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, музей кеңістігін барынша қолайлы ету мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз