2025 жылдың соңына дейін Алматы облысында 1,3 трлн теңгенің 35 жобасы іске қосылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматы облысында 2025 жылдың соңына дейін 1,3 трлн теңгенің 35 жобасы іске қосылады / Фото: Алматы облысы әкімдігі

2025 жылдың соңына дейін Алматы облысында 1,3 трлн теңгенің 35 жобасы іске қосылады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылдың соңына дейін Алматы облысында жалпы құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 35 жаңа жоба іске қосылады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл жобалардың ішінде мынадай ірі компаниялардың кәсіпорындары бар:

  • 71 млрд теңгеге салынып жатқан PepsiCo компаниясының Lay’s зауыты;
  • LC Waikiki компаниясының инвестициялық құны 30 млрлд теңге болатын тарату орталығы;
  • 16,5 млрд теңгег салынып жатқан Qazaq Global Food зауыты.

Бұдан бөлек 2025 жылдың басында 80 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылған кореялық KT&G компаниясының зауыты іске қосылған болатын. Бұл зауытта 300 жаңа жұмыс орны ашылған.

Өңірде соңғы үш жылда шикізаттық емес экспорт көлемін 2 млрд АҚШ долларына жеткізген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есе артық.

Расымен, Алматы облысы негізінен шикізаттық емес өндірісімен танылған. Әкімдік мәліметінше, соңғы үш жарым жыл ішінде облыс аумағында 6,7 трлн теңгенің өнімі өндірілген. Яғни, 2024 жылы өнеркәсіп орындары 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өнім өндірген. Ал осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің индексі 106,6%-ға жеткен.

Оның ішінде өңірдің азық-түлік өнеркәсібіндегі орны ерекше. Мәселен, елдегі көкөніс шырындарының 96%-ы Алматы облысында өндіріледі. Бұдан бөлек балмұздақ өнімдерінің үштен екі бөлігі, сүзбе түрлерінің 50%-ы осы өңірде өндіріледі екен.

Айта кетейік, Алматы облысында Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Әлемдегі ең ірі автономды қант зауытының иесі Қонаевта жаңартылған энергия көздерін тұтынатын кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз