Жаңалықтар

Қазақстан жыл басынан бері сыра экспортын арттырған

пиво, экспорт
Қазақстан сыра экспортын арттырған / Фото: kursiv.media

Қазақстан жыл басынан бері 12,6 млн литр сыра сатқан. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

«Қазақстаннан сыра экспорты көпжылдық максимумға жетті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 12,6 миллион литр сусын шетелге сатылды, бұл бір жыл бұрынғы айлармен салыстырғанда бірден үш есе көп», – делінген бюро хабарламасында.

Бюро мәліметінше, бұл соңғы он жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш. Әсіресе, Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдеріне экспорт көлемі артқан. Оның ішінде ең көп сыр сатып алған ел Ресей екен. Бұл елге жеткізілген сусын көлемі осы жылы 24%-ға өсіп, 7,5 млн литрді құраған. Бұл – Қазақстанның Ресейден басқа шет елдерден импорттаған сыра көлемінен де артық екен.

Сыра сатылымына реэкспорттың да біршама әсері болуы мүмкін деп топшылайды бюро сарапшылары.

Десе де, орта есеппен алғанда шетелге шыққан сыраның әрбір литрі 0,7 долларды құраған. Бұл баға Қазақстанға кіретін сыраның жарты құны. Демек, Ресейге сатылған сыраның дені отандық өнім деп топршылауға негіз бар.

Сонымен бірге өткен жылы БАҚ-тарда ресейлік сатып алушылардың Қазақстан сырасына қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тараған. Сонымен бірге Алматы мен Қостанай сыра зауыттарының бұрын Ресейде сатылмаған сыра түрлеріне сертификат алған.

Айта кетсек, 2024 жылдың көктемінде белгілі сыра брендінің иесі Carlsberg Group Қазақстандағы зауытын жаңғыртуға 50 млн доллар инвестиция салатын туралы хабарланған болатын. Сол кезде компанияның Шығыс Еуропа бойынша бірінші вице-президенті Ларс Леманн Алматыда жаңа өндіріс орны ашылатынын, соның негізінде бірқатар көрші елдерге сыра экспортын арттыруға мүмкіндік туатынын мәлімдеген.