
Басқа әйелмен бақытты болғысы келген отағасы қулыққа басып, «суға батып өлуді» жөн көрді. Оқиға АҚШ-тың Медисон штатында болған.
CNN ақпаратына қарағанда, Висконсин тұрғыны әйелі мен үш баласын тастап, Джордия штатында тұратын басқа бір әйелмен көңіл қосудың амалын ұзақ уақыт ойластырған.
Бұл үшін Райан Боргварт құйтырқы әрекет жасауды көздейді. Жұрт өзін «суға кетіп, өліп қалды» деп ойласын деп, ағынды суда қайығымен әдейі аударылған.
Полиция, құтқарушылар мен туыстары денесін судан шарқ ұрып іздеп жүрген кезде, ол сүйіктісімен кездесу үшін жолға шыққан.
Бірақ көп ұзамай, оның өтірігі ашылды. Сейсенбі күні ол бұл қылығы үшін 89 күнге қамауға алынды. Оған «полицияның жұмысына кедергі келтірді» деген айып тағылды.
Сот айыптаушы тарап ұсынған жазадан екі есе ауыр үкім кесті. Және оны іздеуге кеткен шығын – 30 мың доллар толық өтелуі тиіс.
«Мен ол түні жасаған іс-әрекетім үшін және отбасым мен достарым тартқан азап үшін қатты өкінемін», – деді Боргварт үкім шығарылар алдында.
Мұның алдында АҚШ соты Ілияс Храпуновқа қатысты жаңа шешім шығарған еді.