«Қайрат» Чемпиондар лигасына жолдама алды: «Селтик» пенальтиде есе жіберді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат пен Селтик /фото: Шадияр Өстемір
Қайрат пен Селтик /фото: Шадияр Өстемір

«Қайрат» Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Алматылықтар «Селтикті» пенальти сериясында қапы қалдырды.

Қайрат пен Селтик командалары Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өту үшін Алматы стадионында күш сынасты. Негізгі ойында командалар итжығыс түсіп, пенальти тебісті.

«Қайрат» пен «Селтик» негізгі екі таймда да бірін-бірі ала алмады. Қақпаға допты тулатып, басымдығын дәлелдей алмады. Нөл де нөл есебі тіркеліп, экстра-тайм белгіленді.

Қосымша уақыттың екі кезеңінде де ойын тең аяқталды. Кімнің мықты екенін айқындау үшін пенальтиге жүгінуге тура келді.

Қақпашы Темірлан Анарбеков алғашқы соққыны қайтарып, «Қайрат» жанкүйерлерінің қуантты. Бірақ Валерий Громыко тепкен доп қақпадан мүлт кетті. Қазақ қақпашысы үш мәрте голдан қорғап қалды. Александр Мартынович екінші мүмкіндікті голға айналдыра алды. Офри Арад сенімді гол соқты.

Пенальтиде «Қайрат» басымдыққа қол жеткізді. Ойынның қаһарманы, әрине, қақпашы Темірлан Анарбеков болды.

Айта кететін жайт, Чемпиондар лигасының плей-офф раунды аясында шотландиялық «Селтик» пен алматылық «Қайрат» Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында тең ойнаған еді. Ол кезде есеп 0:0 болып, есеп ашылмады.

Сондай-ақ оқыңыз