Сусабын дауы: Гүлзира Айдарбекова наразыларға жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Гүлзира Айдарбекова сусабын дауына нүкте қойды / фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова сусабын дауына нүкте қойды / фото: Instagram

Сусабын дауы бейбіт аяқталатын түрі бар. Гүлзира Айдарбекова наразыларға жауап берді. Ол өнімді алатын орындардың кестесін жария етті.

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желі арқылы өнімдерін қалай алуға болатын түсіндіріп берді.

Ол үшін алдымен чекті арнайы ашылған телеграм арнаға жіберу керек. Су сабын сатып алғандарға чек жіберетін сілтеме жеке парақшасында көрсетілген.

Сусабын сілтемесі / фото: Instagram
Сусабын сілтемесі / фото: Instagram

Қайрат Нұртастың анасының пікірінше, адамдар сатып алған сусабынды қай жерден, қалай аларын түсінбеген.

«Осы жердегі мекенжайдан алып кетсеңіздер. Әр қаладағы мекенжайды салып қояйын», – деп жазды ол.

Мұның алдында Гүлзира Айдарбекова ұйымдастырған ұтыс ойыны дау-дамай тудырған еді. Ұтысқа қатысудың шарты – сусабын сатып алу.

Гүлзира Айдарбекова сусабынды қайдан алу керек екенін көрсетті / фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова сусабынды қайдан алу керек екенін көрсетті / фото: Instagram

Ақшасын төлегенмен көп адамдар сусабынды қайдан алатынын білмей отыр. Сондықтан, сатып алған тауарын қайдан алатынын сұрағандар немесе сусабынның ақшасын қайтаруды талап еткендердің назы парақшасын басып қалды.

Осылайша, сусабын дауы үдей түсті. Тіпті, кейбір адамдар Қайрат Нұртастың анасының үстінен арыз айтып, органдарға шағым түсіретінін де айтқан еді.

Гүлзира Айдарбекова сусабын саудасына қомақты ұтыс тікті. Оның ішінде 10 миллион теңге және Lexus автокөлігі де бар.

Сондай-ақ оқыңыз