
2026 жылы Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейстерді қосылуы мүмкін. Мұндай жоспарлар туралы Азаматтық авиация комитеті (ААК) авиациялық қауіпсіздік бойынша ICAO аудитіне дайындық жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, рейстердің ашылуы ICAO-ның қыркүйек айындағы тексерісіне байланысты. Ол 2–14 қыркүйек аралығында өтеді. Тексеру нәтижелері Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей ұшуларды ұйымдастыру мүмкіндігін анықтайды.
Нью-Йоркке тікелей рейсті Air Astana орындайды. Наурыз айында компания басшысы Питер Фостер тікелей рейстердің нақты басталу әлі белгісіз деген еді. Оған ұшақтарды жеткізу кешігуі және Ресей әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынуы себеп болған.
«Бұл мәселелер шешілмейінше, АҚШ-қа тікелей рейстер болмайды. Халықтың да, жолаушылардың да мұны көптен күтіп жүргенін түсінеміз. Олардың тілегін білеміз, қазақстандықтар үшін америкалық нарыққа қолжетімділіктің жеңілдеуі қажет», – деді Фостер.
Нью-Йоркке тікелей рейс ашу мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Өткен жылы Air Astana басшысы рейсті іске қосу үшін кемінде екі ұшақ қажет екенін айтқан. Сондай-ақ 2026 жылдың көктемінде Air Astana Токиоға да тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр.