Жаңалықтар

Степногорсктегі ЖЭС-те бір адам қайтыс болып, тағы үшеуі жарақат алды

Фото: st-tec.kz

Степногорск қаласындағы жылу электр станциясында (ЖЭС) монтаждау жұмысы кезінде бір адам қайтыс болды. Тағы үшеуі жарақат алды деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінен.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын және қайғылы жағдайға әкелген себептерді анықтауға бағытталған тергеу жүргізіп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деп жазылған ПД хабарламасында.

Осы жылы маусымда Петропавлда «Средазэнергомонтаж Петропавловск»  компаниясының жұмысшысы жарақат алып, ауруханаға түскен еді. 40 жастағы азамат жылу электр станциясында 6 метр биіктіктен құлап кетті. Компанияның бас директоры Максим Бублейник зардап шеккен қызметкерге барлық қажетті көмекті көрсетуге уәде берді.