
Қор биржасында ұлттық валюта әлсіреп, күндізгі сауда нәтижесінде бір доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 537,63 теңгеге жетті.
26 тамыздағы сауда нәтижесі бойынша, доллар курсы 533,87 теңге еді. Бір күн ішінде америкалық валюта бағамы бірден 4 теңгеге күшейді.

Алматыдағы айырбастау орталықтарында бір долларды 538-538,5 теңгеден қабылдап, 539,5-540 теңгеден сатып жатыр. Ал Астанадағы пункттерде америкалық валюта 537 теңгеден сатып алып, 540-541 теңгеден саудаланып тұр.