Жаңалықтар

41 градус ыстық: 27 тамыздағы ауа райы

Фото: shutterstock

«Қазгидромет» елдің оңтүстігіндегі облыстарда 40 градусқа дейін ыстық болатынын, соған байланысты өрт шығу қаупі жоғарылағанын ескертті. Бұған қоса, республиканың кей өңірінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында өрт шығу қаупінің ең жоғары бесінші сыныбы жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға далада от жақпауға, ашық алаңда темекі шекпеуге, шөпті қураған ағаштардың жанында өртемеуге кеңес берді.

Оңтүстік өңірлердегі ауа райы

27-28 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +32+37°С, облыстың оңтүстігінде +40°С қатты ыстыққа дейін көтеріледі. Өрт шығуы мүмкін. 27 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с дейін жетеді.

27-30 тамызда Түркістан облысында күндіз +33+38°С-тан +35+40°С-қа дейін ыстық болады. Өрт шығуы мүмкін екені ескертілді. 27-28 тамызда күндіз облыстың шөлді аудандарында 41 градус ыстық болады.

27-30 тамызда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +33+38°С-қа дейін жоғарылайды. Өрт шығуы қаупі жоғары. солтүстік-шығыстан жел соғады, Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

27-30 тамызда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан +33+38°С-қа дейін жоғарылайды. Өрт болуы мүмкін. Жетісуда солтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыстағы ауа райы

Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С, облыстың оңтүстігінде +38°С-қа дейін жоғарылайды. Өңірде өрт шығу қаупі жоғары. Түнде және таңертең өңірдің батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында екпіні 15 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде, батысында өрт шығу қаупі жоғары.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында 36 градус ыстық болады. Өрт шығуы мүмкін.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт шығу қаупі жоғары.

Солтүстік және орталық өңірлер

Қостанай облысының солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. Өрт шығу қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары екені ескертілді.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Өрт шығуы мүмкін.

Ұлытау облысының батысында 37 градус ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары екені ескертілді.

Шығыс өңірлер

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында өрт шығуы мүмкін.

Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың  оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт шығуы мүмкін екені ескертілді.