«Азияда бала көп, өмір сүру деңгейі өсті»: Lego саудасы қызып тұр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Lego ойнаған балалар / фото: REUTERS/Go Nakamura
Шанхайдағы Legoland-те ойнаған балалар / фото: REUTERS/Go Nakamura

Lego-ның 2025 жылдың алғашқы жартысындағы түсімі 5,4 млрд доллар болды. Дат компаниясы Азия нарығындағы үлесін екі есеге арттырды. Себебі мұнда бала көп. Бұл туралы Kursiv.Media Bloomberg мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Агенттік дерегінше, сәрсенбі күні жарты жылдың есебін жариялаған Lego бәсекелестерінің бәрін артта қалдырды. Компанияның былтыр қаңтар-маусым айларындағы түсімі 4,8 млрд доллар болса, биыл 5,4 млрд долларға жеткен. Сауда 13%-ға артқан.

Lego үшін Азия нарығы аса маңызды.

«Азияда бала көп. Өмір сүру деңгейі де артып келеді. Мұндай жағдай легоны одан сайын тартымды етеді», – дейді дат компаниясының бас директоры Нильс Б. Кристиансен.

Соған байланысты Lego жыл басында Дели мен Бангалорда алғашқы дүкендерін ашты. Ал Вьетнамда жаңа зауыт жұмыс істей бастады. Компания Қытайда да сауда былтырға қарағанда біршама жақсарғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз