Алдағы күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алдағы күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді
Алдағы күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді/Фото: shutterstock

Қазгидромет 29-30 тамызға арналға ауа райы болжамын жариялады.

Синрптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда 29 тамызда солтүстік-батыс циклонының ойпатының өтуіне байланысты елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады, 30 тамызда тұрақсыз ауа райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды.

Жаңбыр, найзағай күтіледі, 30 тамызда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ пен екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыста ауа температурасы +20…+31°С шегінде, оңтүстік-батыста +27…+35°С болады.

Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Қазақстанның солтүстік-батысында +23…+33°С-тан +15…+23°С-қа дейін,
  • Солтүстік облыстарда қатты ыстық +30…+35°С-тан +15…+23°С-қа дейін,
  • Елдің орталығында қатты ыстық +30…+37°С-тан +18…+27°С-қа дейін,
  • Шығыс Қазақстанда +22…+32°С-тан +17…+28°С-қа дейін,
  • Оңтүстік облыстарда қатты ыстық +30…+41°С-тан +26…+35°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстік-шығыста +33…+38°С қатты ыстық сақталады, таулы аймақтарда +23…+28°С болады.

Бұған дейін ғалымдар аптап ыстық көңіл-күйдің төмендеуіне әкелетіні туралы зерттеуін бөліскен.

Сондай-ақ оқыңыз