Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстаған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды
Жарияланды

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысында екі жасөспірімге қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады
«Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғынына қатысты екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін қозғалған қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілді. Бұл істі сот қарайтын болады», – делінген хабарламада
Бұған дейін Талас ауданында құлдықта болған екі жасөспірімнің ісі бойынша күдікті қамауға алынғанын хабарлағанбыз. Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға психологиялық және құқықтық көмек көрсетілген.
Сондай-ақ жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалған.