
Корейлік әнші әрі рэпер Psy-ды полиция тергеуге алды. Әнші медициналық заңнаманы бұзды деген күдікке ілінген, деп хабарлады Yonhap агенттігі.
Полицияның хабарлауынша, Psy 2022 жылдан бері Сеулдегі университет ауруханасында Xanax пен Stilnox секілді психотроптық препараттардың рецептерін бармай алған болуы мүмкін. Сонымен қатар, оның менеджері мен өзге адамдар дәріні оның атынан алып жүрген деген дерек бар.
Полиция күдікті жағдайды құпия дерек арқылы анықтап, жуырда ауруханаға рейд жасап, тиісті медициналық құжаттарды қолға түсірген. Қазіргі заң бойынша, рецепт сенімхат арқылы жазылмауға тиіс.
Xanax пен Stilnox – ұйқы бұзылысы, мазасыздық және депрессияны емдеуге қолданылатын психотроптық дәрілер. Олар жоғары тәуелділік тудырғандықтан, дәрігердің тікелей қарауы мен рецепті міндетті талап болып саналады.
Алайда Psy-дың дәрігері айыптауды жоққа шығарып, оның қашықтан ем қабылдағанын мәлімдеген.
Psy-дың агенттігі P Nation бейсенбі күні ресми мәлімдеме жасап, снотворлық дәріні сенімхат арқылы алу қателік болғанын мойындаған.
«Psy-ға созылмалы ұйқы бұзылысы диагнозы қойылған, ол дәріні дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдайды. Бірақ ресми сенімхат арқылы рецепт болған жоқ, дегенмен кейбір жағдайларда дәріні үшінші тұлғалар оның атынан алған», – деген әншінің агенттігі.
Бұған дейін, Қазақстанда концерт берген не жабық кештерге қатысқан әлем жұлдыздарына шолу жасағанбыз.