Жаңалықтар

Мұғалімдерді ЖИ арқылы оқыту басталды: педагогтерді қандай машықтарға үйретеді

Мұғалімдерді ЖИ арқылы оқыту басталды: педагогтер қандай машықтарға оқытылады
Мұғалімдерді ЖИ арқылы оқыту басталды: педагогтер қандай машықтарға оқытылады/Фото: shutterstock

Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталғанын хабарлады.

Жаңа бағдарламаны министрлікке қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп іске қосқан.

Ведомство бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделгенін айтады.

Оқыту барысында педагогтер:

  • жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды;
  • промпт жазу әдістерін;
  • сабақ жоспарлау тәсілдерін;
  • тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;
  • иллюстрациялар жасауды;
  • оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.

«Бағдарлама жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға бағытталған. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді», – делінген министрлік хабарламасында.

«Өрлеу» орталығы ұйымдастырған оқуға мұғалімдер reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Оған аптаның ішінде 100 мыңға жуық адам қатысып, жартысына жуығы сертификат алған

Бұған дейін, мұғалімдерге қандай үстеме ақы көзделгені туралы жазғанбыз.