Жаңалықтар

«Қайрат» жұлдызы Темірлан Анарбеков жанкүйерлеріне тіл қатты

Қайрат жұлдызы Темірлан Анарбеков жанкүйерлеріне қайырылды
«Қайрат» жұлдызы Темірлан Анарбеков жанкүйерлеріне тіл қатты / фото: Темірлан Анарбековтің Instagram парақшасынан

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы, «Қайрат»-«Селтик» ойнының басты қаһарманы Темірлан Анарбеков өзін бір күнде жұлдыз еткен матчтан кейін алғаш рет жанкүйерлеріне жүгінді.

Ол Instagram парақшасына жазба жариялап, көпге алғысын жеткізді.

«Бүкіл Қазақстанға және әр жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін рақмет! Бұл жетістік – бәріміздің ортақ жеңісіміз! Бірге біз мықтымыз», – деп жазды «Қайрат» қақпашысы.

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф кезеңіндегі пенальти сериасына дейін жеткен Қайрат-Селтик арасындағы қарымта матчта үш бірдей соққыны қайтарып, командасына жеңіс сыйлаған.

Чемпиондар лигасының топтың кезеңіне өткен Қайрат қай топқа түсетіні жеребе барысында белгілі болады.