Шымкент қаласы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ержан Сейтенов тағайындалды, – деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Ержан Іргебайұлы 1974 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туған.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіру кәсіпорны жұмысшысы болып бастаған.
2002-2016 жылдар аралығында жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы.
2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.
2023 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болған.
Бұған дейін, Арман Сәбитұлы қала әкімінің орынбасары атанған. Шымкент әкімдігіндегі осындай ауыс-түйістерден кейін жұртшылықта жараланып, ем қабылдап жатқан «Руслан Берденов қызметтен кетті ме» деген заңды сұрақ туады. Алайда әкімдік ол әзірге өз қызметінде, денсаулығына байланысты ем қабылдап жатқанын мәлім етті. Қала әкімінің тағы бір орынбасары Сәрсен Құранбектің сөзінше, Руслан Берденовтің еңбекке жарамсыздық парағы 6 айға дейін сақталады.