Жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкерлері самокатпен рейдке шықты (видео)

Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Бүгін 28 тамыз күні Алматы қаласында электрсамокаттарды пайдалану ережелерін бақылау мақсатында ауқымды рейд ұйымдастырылды. Оған патрульдік экипаждармен қатар, шерингілік компаниялардың самокаттарын пайдаланған 50 полиция қызметкері қатысты.

Мұндай формат тәртіп сақшыларына құқық бұзушылықтарға жылдам әрекет етуге, автокөліктер кіре алмайтын аумақтарда және халық көп жиналатын орындарда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алдын алу шараларын дер кезінде жүргізуге жол ашады.

Қазіргі уақытта полиция тарапынан самокаттарды қызметтік мақсатта тұрақты қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.