«Реал Мадрид» Алматыға келеді: «Қайраттың» қарсыластары анықталды

Бүгін Францияның Монако қаласында УЕФА Чемпиондар Лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстан чемпионы «Қайрат» өз қарсыластарын анықтады.
Жеребе қорытындысы бойынша алматылықтар келесі клубтармен ойнайды: Реал Мадрид (үйде), Арсенал (қонақта), Брюге (үйде), Интер Милан (қонақта), Олимпиакос (үйде), Спортинг Лиссабон (қонақта), Пафос (үйде), Копенгаген (қонақта).
Чемпиондар лигасының жаңа форматы бойынша негізгі кезеңге 36 клуб қатысады. «Қайрат» жеребе алдында 4-қоржынға орналасты.
Матч күнтізбесі:
- 1-тур – 16–18 қыркүйек
- 2-тур – 30 қыркүйек – 1 қазан
- 3-тур – 21–22 қазан
- 4-тур – 4–5 қараша
- 5-тур – 25–26 қараша
- 6-тур – 9–10 желтоқсан
- 7-тур – 20–21 қаңтар
- 8-тур – 28 қаңтар
Нақты күнтізбе 30 тамыз күні жарияланады.
Еске салайық, плей-офф кезеңінде «Қайрaт» Шотландияның «Селтик» клубымен кездескен болатын. Алматыдағы қарымта ойында есеп ашылмай (0:0) тең аяқталды. Нәтижесінде бәрі пенальти сериясына ұласып, қақпашы Темірлан Анарбековтің ерлігінің арқасында алматылықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл тарихи жетістік «Қайратты» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарды