Жаңалықтар

«Қайрат» кіммен ойнайды: Жеребе тарту рәсімін қайдан көруге болады

«Қайрат» кіммен ойнайды: Жеребе тарту рәсімін қайдан көруге болады / фото: reuters

Алматылық «Қайрат» футбол клубы тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Енді барша қазақ елі топтық кезеңнің жеребе тарту рәсімін тағатсыздана күтіп отыр.

Алғашқы себетке түскен қарсыластардың қатарында әлемдік футболдың алып клубтары бар: «ПСЖ», «Реал Мадрид», «Манчестер Сити», «Бавария», «Ливерпуль», «Интер», «Челси», «Боруссия Дортмунд» және «Барселона». «Қайрат» осы командалардың екеуімен кездеседі, олардың біреуі Алматыға қонаққа келеді.

Негізгі кезеңге 36 клуб қатысады. «Қайрат» жеребе алдында 4-қоржынға орналасты. Жеребенің тікелей трансляциясын Qazsport арнасынан сағат 21:00 де көруге болады.

Жеребе тарту қалай өтеді?

Топтық кезеңде әр команда сегіз ойын өткізеді – төртеуін өз алаңында, төртеуін сырт алаңда, сегіз түрлі қарсыласқа қарсы. Жұптар жеребе барысында анықталады. Бір елдің клубтары бұл кезеңде өзара кездеспейді. Әр командаға әр себеттен екі қарсылас түседі: біреуімен – өз алаңында, екіншісімен – сыртта ойнайды. Бір елдің клубтарына қарсы ең көп дегенде екі рет ойнауға рұқсат етіледі. Егер жеребе барысында қайшылықтар туындаса, УЕФА жұптарды қайта бөлуге құқылы.

УЕФА Чемпиондар лигасының күнтізбесі

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі қыркүйектің ортасынан қаңтардың соңына дейін жалғасады. Әр команда сегіз матч өткізеді:

1-тур – 16–18 қыркүйек
2-тур – 30 қыркүйек – 1 қазан
3-тур – 21–22 қазан
4-тур – 4–5 қараша
5-тур – 25–26 қараша
6-тур – 9–10 желтоқсан
7-тур – 20–21 қаңтар
8-тур – 28 қаңтар

Еске салайық, плей-офф кезеңінде «Қайрaт» Шотландияның «Селтик» клубымен кездескен болатын. Алматыдағы қарымта ойында есеп ашылмай (0:0) тең аяқталды. Нәтижесінде бәрі пенальти сериясына ұласып, қақпашы Темірлан Анарбековтің ерлігінің арқасында алматылықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл тарихи жетістік «Қайратты» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарды.