Шымкент мұнай өңдеу зауытында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Шымкент мұнай өңдеу зауытында
Шымкент мұнай өңдеу зауытында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты / Фото: petrokazakhstan.kz, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы  PetroCouncil Қазақстанның мұнай-газ ассоцияциясы хабарлады.

Апат туралы

Бұл ақпаратты ассоцияцияға «ПетроКазахстан Ойл Продактс» компаниясы растаған. Алдын-ала ақпаратқа сенсек, 2025 жылдың 26 ​​тамызында сағат 14:30-да Шымкент мұнай өңдеу зауыты кеңшарының аумағында апат болған. Салдарынан екі қызметкер қаза тапқан.

«Жеңіл көтергіштің аударылуы салдарынан мердігер «КРС» ЖШС-нің екі оқшаулағыш маманы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген ассоцияция хабарламасында.

Компания жұмыс тобы құрылып, оқиға себебін анықтауға кіріскенін хабарлаған. Ал зауыт жұмысын тоқтатпай штаттық режимде жұмысын жалғастырған.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының мәлімдемесі

Бұл оқиғадан кейін Мемлекеттік еңбек инспекциясы мәлімдеме жасап, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының қатысуымен арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылғанын жеткізді.

Инспекция қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөнін хабарлады.

«ПетроКазахстан Ойл продактс» ЖШС-нің аумағының тауар-шикізат цехында кеше, 26 тамыз күні автокөтергіш техникамен биіктікте жұмыс жүргізіп жатқан мердігер компания «КапРемСтрой Астана» ЖШС-нің жұмыскерлері 1963 жылы туған Б. Таштемиров және 1973 жылы туған Н.Парманов техниканың аударылуы салдарынан жазатайым жағдайға ұшырап, қайтыс болған», – делінген еңбек инспекциясының хабарламасында.

Құзырлы орган арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталып ресми акт түзілетінін хабарлады.

Айта кетсек, Шымкент МӨЗ-і «ҚазМұнайГаз» бен Қытайдың CNPC компаниясына тиесілі. 2025 жылдың ақпан айында зауытта аяқасты ақау шығып, дизель өндірісі тоқтап қалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз