
28 тамыз – Қазақстандағы Қарулы Күштері Тылының құрылған күні. Қарулы күштер елдегі маңызды стратегиялық құрылым ретінде саналады. Үкімет шешімімен әскери техниканы жанармаймен қамтамасыз ететін Бірыңғай оператор бекітілді.
Оған сәйкес, 2014 жылдан бері елдің Қарулы күштеріне «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС жанармай тасымалдайды. 11 жыл ішінде мекеме Қорғаныс министрлігіне 500 мың тоннадан астам отын тасымалдаған. Тек жеткізуге ғана жауап бермейді. Шалғай бөлімшелерге дейін күрделі логиканы ұйымдастырады, арнайы жанармай түрлерін жыл бойы сақтайды.
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымы. Тек әскерилерге ғана емес елдегі стратегиялық маңызды құрылымдарға жанармай тасымалдайды. Осы уақыттан бері мемлекеттік тапсырыс берушілерге жалпы көлемі 1 млн мұнай өнімдерін жеткізген.
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС 2010 жылы құрылды. 2024 жылы ел бюджетіне 1,5 млрд теңге, 2023 жылы 2,9 млрд теңге салық төлеген.