Жаңалықтар

Маңғыстауда МАЭК-те екі жұмысшы қайнаған суға күйіп қалды

Фото: МАЭК, бильд-редактор: Аружан Махсотова

27 тамызда Маңғыстау атом энергетикасы комбинаты (МАЭК) аумағында екі жұмысшы қайнаған суға күйіп қалды. Бұл туралы Kursiv.Media жергілікті Lada басылымының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Оқиға сәрсенбі күні түскі сағат 14:30 шамасында, МАЭК аумағындағы №3 турбогенераторды жөндеп жатқан уақытта болған. Қайнаған суға күйген екі жұмысшыға медициналық көмек көрсетілген. Олардың беруі үйге қайтса, екіншісі ауруханаға түсті.

Маңғыстау облысының еңбек департаменті оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия жасақтады.

Lada басылымы 2024 жылғы 23 желтоқсанда МАЭК-те бір жұмысшы қаза тапқанын еске салды. Сол кезде полиция оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпарат таратпады. Алайда, басылым дерегінше, комбинатта жөндеу цехының шебері қаза тапқан. Кейін оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған.