
Жетісу облысында балық өнімдерімен айналыстан 4 компания заңда белгіленген нормадан көп балық экспорттап, мемлекетке 80 млрд теңге көлемінде залал келтірген. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады.
Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы өңірдегі балық ресурстарының айналымына тексеріс жүргізген. Тексеріс жұмыстары барысында жергілікті серіктестіктердің Еуропа елдеріне балық өнімдерін заңсыз экспорттағанын анықтаған.
Балық шаруашылығымен айналысатын компаниялар сұр схемаларды пайдаланған. Мәселен, бір балық шаруашылығы субъектілері 20-дан астам еншілес кәсіпорын құрған.
Бұл еншілес компанияларда бекітілген су қоймалары болмаған және балық аулауға квота мен экспортқа рұқсат қағазы берілмеген.
Бірақ соған қарамастан кәсіпорын шетелге балық өнімдерін экспорттап отырған. Бір компанияға негізінен 270 тонна көлемінде ғана шетелге балық экспорттауға квота берілген. Алайда серіктестітерк еншілес кәсіпорындары арқылы 4920 тонна балық экспорттаған. Бұл квотада көрсетілген көлемнен 18 есе артық. Бұл көлемнің 2096 тоннасы еншілес компаниялар арқылы шетелге шығарылған.
«Уәкілетті органның қорытындысы бойынша 4 балық аулау субъектісі мен олардың еншілес компанияларының заңсыз әрекеттерінен келген шығын көлемі 80 млрд теңгеден асты», – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокуратура анықталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабы, экономикалық контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Айта кетейік 2024 жылдың тамыз айында Қонаев қаласының соты Еуропаға заңсыз балық көксерке балығын экспорттаған кәсіпкерді 210 млн теңге көлемінде кедендік төлем мен 1000 айлық (3 932 000) көрсеткіш есебінде айыппұл төлеуді мәжбүрлеген болатын.