
Жуырда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгерген болатын. Енді бұл қызмет толық онлайн форматқа ауыстырылды. Алайда азаматтар биометриядан өту кезінде біршама қиындықтар туындап жатқанын айтып шағымдануда. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының баспасөз қызметі мұндай жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.
Алғашқы қарағанда бәрі өте ыңғайлы болып көрінеді, үйден шықпай-ақ камераны қосып, бірнеше минут ішінде ЭЦҚ-ны рәсімдейсіз. Алайда іс жүзінде көптеген азаматтар биометриядан өту барысында қиындық көруде.
Уақытты зая кетірмес үшін бірқатар маңызды жайтты ескерген жөн:
Жарық. Ең дұрысы – күндіз терезенің қасына отырып, не бетіңіз толық көрінетіндей жарық шамды қосу. Егер жарық шамы артыңызда болса, жүйе сізді танымай қалуы мүмкін.
Камера. Камераны жоғары не төмен, солға не оңға бұрмаңыз. Ол тура көзіңіздің деңгейінде тұруы керек. Сонда көлеңке де түсіп тұрмайды.
Компьютер ме, телефон ба? Егер компьютер қолдансаңыз, биометриядан өтуге тырысқанда QR-код шығады. Сол кодты телефоныңызбен сканерлеңіз – смартфон арқылы өту әлдеқайда жылдам әрі тұрақты өтеді.
Айта кетейік, жүйе биометрияның бірде-бірі сәтсіз болса ең жақын ХҚКО-ға барып, бұл рәмінен оператор көмегімен өте аласыз немесе digital-id.freshdesk.com сілтемесі арқылы техникалық қолдау қызметіне жаза аласыз.