Hyundai Elantra-ның жаңа нұсқасында Tesla-ға ұқсас Pleos жүйесі болады

Жарияланды 28 Тамыз 2025 14:42

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: Hyundai Elantra / hyundai.com

Hyundai Elantra 2025 жылғы жаңартылған нұсқасының суреттерін жариялады. Бұған дейін тек қалың камуфляжбен жабылған көлік кузовын ғана көруге мүмкіндік болса, енді камералар алғаш рет ішкі салонды да көрсетті.

Басты жаңалық, Hyundai-дың жаңа Pleos OS операциялық жүйесіне негізделген мультимедиа. Орталықта – үлкен экран, ал цифрлық аспаптар панелі кішірейіп, алдыңғы әйнекке жақын орналасқан. Ал маңызды мәліметтер проекциялық дисплейге шығарылады.

Фото: kolesa.kz

Айта кетйік мұндай тәсілді Toyota да өз электр көліктерінде қолданып жүр.  Ал дәстүрлі түймешелер сақтала ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Pleos OS жүйесі дауыс арқылы басқаруға басымдық береді, орнатылған нейрожүйе командаларды күнделікті сөйлесу стилінде түсіне алады. Яғни көлік жүргізушімен «еркін тілдесетін» болады.

Фото: kolesa.kz

Техника жағына келсек, әзірге көп ақпарат жоқ. Кейбір болжамдарға сүйенсек, қазіргі қозғалтқыш желісінің бір бөлігі сақталады. Көлемі 1,5-тен 2 литрге дейінгі бензинді агрегаттар, соның ішінде газбен жүретін нұсқалар. Гибрид те қалады, бірақ қандай түрде болатыны әзірге белгісіз, бұл қазіргі 1.6 қозғалтқышы, электр моторы және «роботтан» тұратын жүйе болуы мүмкін немесе мүлде жаңа қондырғымен жабдықталуы ықтимал.

Фото: kolesa.kz

Сыртқы келбеті әлі қалың камуфляжбен жабылғанымен, дизайнерлер рендер нұсқаларын жасап үлгерді. KoreanCarBlog мәліметінше, олардың кейбірі сериялық нұсқасына барынша жақын болуы мүмкін.

Айта кетейік Hyundai Elantra Қазақстандағы ең танымал седандардың бірі. Hyundai Elantra 2025 –интерьері кең әрі заманауи, Apple CarPlay жүйесімен, үнемді қозғалтқышымен және сенімділігімен ерекшеленеді. Hyundai мен KIA АҚШ-та сапа мен бағаның тамаша тепе-теңдігін ұсынып отыр. АҚШ-та ол 23 320 долларға сатылуда, бұл 12,1 млн теңге шамасында.

Сондай-ақ оқыңыз