Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Дүмпу ошағы Күршім ауылынан 7 шақырым жерде болған /Фото: shutterstock

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Қазақ ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сүйенсек, жер сілкінісі 28 тамыз күні Астана уақытымен 07:54-те орын алған.

Магнитудасы 4,5 болған жер сілкінісінің ошағы Шығыс Қазақстан облысына қарасты Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде болған.

Еске салайық осыған дейін Қазақстанның оңтүстігінде де жер сілкінген болатын. Жер сілкінісінің ошағы – Қырғызстан аумағында. Сейсмикалық толқындардың әсері Жамбыл және Түркістан облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілді.