
«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына сатылатын билеттерге қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Билеттердің брондалып жатқаны жалған болып шықты.
«Қайрат» футбол клубы Мадридтің «Реалына» қарсы ойынның билеттеріне қатысты тарап жатқан сыбыстырды терістеді.
«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан УЕФА Чемпиондар лигасының «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттерін сату немесе брондау туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және адастыратын сипатқа ие», – деп хабарлады алматылық клуб.
Клуб тек ресми дереккөздерге – клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желілеріне сенуге шақырады және билеттерді бейресми арналар арқылы сатып алмауға кеңес береді.
«Билеттерді сату басталатын күн мен баға саясаты әлі анықталған жоқ», – делінген хабарламада.
Айта кететін жайт, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчы қай күні өтетіні белгілі болды.