Алматыдан Ақтауға шыққан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Air Astana ұшағы Ақтауға шұғыл қонды/фото: kursiv.media

Әлеуметтік желіде Air Astana ұшағы ішінде болған жағдайдың видеосы тарады. Ол жерде жолаушылар ұшақ әуеге көтерілген сәтте ішінде түсініксіз дыбыс естілгенін айтқан. Араға 30-40 минут салып, ұшақ төмендей бастаған.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі ұшаққа тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«31 тамызда КС 859 рейсін орындаған экипаж Алматыдан Ақтауға жақындаған кезде техникалық ақау туралы хабарлап, нұсқаулыққа сәйкес қонуға рұқсат сұраған. Осыдан кейін ұшақ қауіпсіз биіктікке төмендеп, Ақтау әуежайына сәтті қонды», – деп хабарлады әуе компания.

Сондай-ақ оқыңыз