
Алматыда 3 қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді. Алдын ала есеп бойынша өрт 850 шаршы метрге жайылған. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Өрт Алатау ауданындағы Данченко көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимараттардың бірінен шыққан. Оқиға орнына барған кезде алғашқы бөлімше көлік кептелісіне тап болып, жол жүруді қиындатқан.
Ғимараттан 2 газ баллоны эвакуацияланды.
Өртті сөндіру бірқатар факторлармен қиындады:
- Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде өрт үлкен аумаққа тарап кеткен.
- Ашық терезелер жалынның тез таралуына себеп болды.
- Нысан қаланың ең тығыз қозғалысты автомагистральдарының бірінде орналасқандықтан, техниканың жетуі қиын болды.
- Қызып тұрған металл конструкциялар ішінара құлады.
Өрттің себебі анықталып жатыр.