Жаңбыр, жел және үсік: қыркүйекте ауа райы қандай болады

Қыркүйекте республика аумағында ауа райы салқын болады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа температурасы төмендеп, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын жаууы мүмкін.
Алғашқы онкүндікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылады. Жаңбыр жауып, кей жерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел соғады.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірде үсік жүруі ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі деп болжанған.
Айдың басында еліміздің батысында ауа температурасының түнде +15…+20°С, оңтүстікте +23°-тан +8…+15°С-қа дейін, күндіз +32…+37°С-тан +18…+25°С-қа дейін төмендейді,
Содан кейін ауа температурасы түнде +12…+18°С, күндіз +25…+30°С, оңтүстікте +35°С-қа дейін жоғарылайды.
Республиканың оңтүстік-батысында ауа температурасы күндіз +32…+40°С дейін көтеріледі. Онкүндіктің ортасына қарай +25…+30°С-қа дейін түседі. Онкүндіктің соңында ауа температурасы +33…+38°С болады.
Солтүстікте, солтүстік-батыста (Қостанай облысында), орталықта және шығыста ауа температурасы түнде +3…+8°С болады. Топырақ бетінде 2°С үсіктен +5…+15°С-қа дейін, күндіз +11…+18°С-тан +22…+30°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде +10…+18°С-тан +18…+23°С-қа дейін, күндіз +26…+33°С-тан +32…+39°С-қа дейін құбылады.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы жиі өзгереді.
Батыс, солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы түнде +13…+19°С-тан +2…+12°С-қа дейін құбылады. Топырақ бетінде 3° үсік болып, күндіз +25…+32°С-тан +18…+26°С-қа дейін төмендейді.
Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының түнде +1…+6°С-тан, үшінші онкүндікте +1…-6°С үсік болып, +7…+13°С-қа дейін, күндіз +8…+13°С-тан +20…+28°С-қа дейін құбылуы мүмкін.