Президент ШЫҰ елдерін Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыруға шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыруға шақырды/фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерін Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырды. Сол арқылы бұл мемлекетті қалпына келтіріп, өңірлік және экономикалық процестерге қатыстыруға болады.

«Халықаралық қауіпсіздікке төнген мұндай сын-қатерлерге, соның ішінде «үш зұлымдыққа» қарсы бірлесіп қана күресе аламыз. Сондықтан Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес арасында іскерлік байланыстарды күшейту маңызды деп ойлаймыз.

ШЫҰ елдерін Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырамын», – деді Тоқаев.

Айтуынша, Қазақстан Ауғанстанның бірқатар инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларының құрылысына кірісті. Бұл ШЫҰ мемлекеттері арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз