Ауғанстанда жер сілкінісінен жүздеген адам қаза тапты
Жарияланды

Ауғанстанның шығысында болған жер сілкінісі салдарынан жүздеген адам қаза тапты, мыңнан аса адам жарақат алды. Бұл туралы AP жазды.
Редакцияның хабарлауынша, жер сілкінісінен 610 адам қаза тапқан, тағы 1300 адам жараланды.
Магнитудасы 6,0 жер сілкінісі жексенбі кешке Кунар провинциясындағы қалаларда, көршілес Нангархар провинциясындағы Джелалабад қаласының маңында болған. Салдарынан көптеген ауыл қираған.
Дүмпу сағат 23:47-де болған.
Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің өкілі Associated Press агенттігіне Кунар провинциясында 610 адамның қаза тапқанын, 1300 адамның жарақат алғанын растаған.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерін Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырды.