Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйекке дейін жалғасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Онлайн санақ 20 қыркүйекке дейін жалғасады/фото: shutterstock

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Барлық заңды тұлға, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайты арқылы өте алады.

Санақ 22 мың ірі кәсіпорынды және 271 мың шаруа, фермер қожалықтарын және жеке кәсіпкерлерді қамтуға тиіс. Тамызда онлайн-санаққа 574 мың респондент қатысты. Оның ішінде 245,7 мыңнан астамы – ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері, шамамен 328 мыңы – үй шаруашылықтары.

Айта кетейік, онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуға тиіс болған. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарын аралайтын екінші кезең 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін болады.

Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз