Павлодарда ер адам өзін өртемек болған
Жарияланды

Павлодарда ер адам өзін өртемек болған. Бұл туралы жергілікті Pavlodatnews.kz хабарлады.
Редакция бұл жағдайға қатысты полицияның қылмыстық іс қозғағанын жазды.
«31 тамызда Павлодар қаласындағы «Жайлау» базарында жалға алушы ер адам өзін-өзі өртеуге тырысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұған жалдау ақысына байланысты мәселе себеп болған», – делінген ақпаратта.
Полиция ер адамның жағдайы қазір тұрақты екенін мәлімдеген.
Айта кетейік, 25 тамызда «Т-1» терминалында ер адам өзін өртемек болған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция мен қауіпсіздік қызметі өртті сөндіріп, ер адамға алғашқы көмек көрсеткен.