
Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев өзіне қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде әншінің жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат тараған. Алайда өнерпаз желідегі парақшасында видео жариялап, іссапарда жүргенін көрсетті.
«Әлеуметтік желіде «Сәкен Майғазиев апатқа ұшырады» деген қауесет тарап жатыр екен. Сенбеңіздер. Бәрі жақсы. Балқаш, Екібастұз, Майқұдық, Шұбаркөл, Қарағанды, Астананы аралап жүрмін. Аман болыңыздар. Жаман жаңалық болмасын», – деді Майғазиев.
Бұған дейін қаржы министрі Мәди Такиев концертін, тойын әлеуметтік желідегі оқырмандарына сата бастаған өнер адамдары салық төлеуге міндетті екенін айтқан.