Президент Ауғанстан басшылығына көңіл айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ауғанстанда жүздеген адам қаза тапты/фото: Nangarhar Media Center via AP)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына елде болған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Айта кетейік, Ауғанстанның шығысында болған жер сілкінісі салдарынан жүздеген адам қаза тапты, мыңнан аса адам жарақат алды

Магнитудасы 6,0 жер сілкінісі жексенбі кешке Кунар провинциясындағы қалаларда, көршілес Нангархар провинциясындағы Джелалабад қаласының маңында болған. Салдарынан көптеген ауыл қираған.

Дүмпу сағат 23:47-де болған.

Сондай-ақ оқыңыз