Тоқаев Шавкат Мирзиёевті құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Шавкат Мирзиёевті құттықтады/фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев пен бауырлас халықты Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.

Ақорданың хабарлауынша, президент Шавкат Мирзиёевтің қуатты әрі беделді басшылығымен Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық дамуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және халықаралық аренада ұлттық мүддесін ілгерілетуде таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.

«Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы ретінде Сіздің еліңізбен сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дами беретініне сенімдімін. Бұл бауырлас халықтарымыздың игілігіне қызмет етіп, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді», – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, екі елдің президенті Қытайда өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз