Қанат Айтбаев Димаш пен Айару Бақытбек туралы сыбысқа сенбеуге шақырды

Жарияланды 1 Қыркүйек 2025 23:04

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Қанат Айтбаев соңғы кездері Димаш туралы айтылып жатқан қаңқу сөздерге тосқауыл қойды / фото: Facebook
Қанат Айтбаев соңғы кездері Димаш туралы айтылып жатқан қаңқу сөздерге тосқауыл қойды / фото: Facebook

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев өсектерге сенбеуге шақырды. Ол Димаштың жеке өміріне қатысты «ақпараттардың» ойдан құралғанын айтты.

«Қазіргі заманның шөбі жел тұрмай-ақ қимылдай береді. «Ар» мен «ұят», «обал» деген ұғымдарды аяқасты еткен, бетімен кеткен қоғамда ақша тауып, қаралым жинау үшін ойдан құрастырып, «жаңалық» жасайтын «журналистер» мен блогер көп. Қай тақырыпта да көп аса сене бермеген жөн. Ере бермеген жөн», – деп жазды Қанат Айтбаев жеке парақшасына.

Оқырмандар Қанат Айтбаевтың сөздеріне қолдау білдіріп отыр. Негізсіз алып-қашпа әңгіме таратқандарға наразылық білдіргендер көп.

«Димашқа Баян апкенің қызын қосып қойғанды меңзеп тұрсыз ба?», «Өте орынды, бұл – қаралым жинау деген ар-ұяттан, намыстан, қасиеттен, адами болмыстан ада қылуға қарады», – деп жазды оқырмандардың бірі.

Мұның алдында Димаш Құдайберген Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбекпен көңіл жарастырып жүргені туралы сыбыс тараған еді.

Сондай-ақ, Димаштың қарындасының ұзату тойына Қазақстан мен Ресейдің өнер жұлдыздары келгенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз