
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов биыл доллар бағамы 1000 теңгеге жетпейді деп тұжырымдайды. Ол бұл туралы Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып айтты.
Журналист ҰБ басшысынан «биыл, 2025 жылы доллар 1000 теңгеге жетуі мүмкін бе» деп сұрады.
«Жоқ, мүмкін емес», – деді Сүлейменов.
Бас банкирдің айтуынша, сыртқы сауда және төлем балансы, ішкі инвестициялық даму мүмкіндіктерін ескере отырып, ел экономикасы тұрақты деуге келеді.
«Биыл экономикада ешқандай ірі дағдарыс орын алмайды деген үміттеміз, сол кезде валюта бағамы да тұрақты болмақ», – деді ол.
Өткен аптада теңге тағы да әлсіреп, доллар бағамы 537 теңгеге жеткен.