
2025 жылғы 2 қыркүйекте теңге бағамы сәл әлсіреп, доллар құны көтерілді. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде орташа бағам 539,55 теңгені құрады. Бұл өткен жұмадағы көрсеткіштен шамамен 1 теңгеге жоғары.
Қор биржасында доллардың жалпы сауда көлесі 113 млн доллардан асқан.
Айырбастау орындарында да бағамдар әртүрлі болды. Алматыда долларды орта есеппен 538,97 теңгеден сатып алып, 540,88 теңгеден сатты. Мұндағы айырмашылық шамамен 1,9 теңгені құрады.
Ал Астанада долларды 536,85 теңгеден сатып алып, 541,85 теңгеден сатты, яғни айырмашылық 5 теңгеге жуық.
Бұл ретте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы 1000 теңгеге жетеді деген сыбысты жоққа шығарды. Оның айтуынша, доллардың күрт қымбаттауына еш негіз жоқ.