Жаңалықтар

Алматыдан 319 шақырым жерде жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді/фото: shutterstock

Алматыдан 319 шақырым жерде жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, дүмпу 2 қыркүйек сағат 12:58-де тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Тереңдігі – 5 км.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3.

MPV магнитудасы – 5.7.

Алматы қаласында 2 балл сезілді.