Бублик US Open турнирінен шығып қалды
Жарияланды

Александр Бублик US Open турнирін 1/8 финалда аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.
Төртінші айналымда Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерге 1:6, 1:6, 1:6 есебімен жол берді.
Айта кетейік, екі теннисші бұған дейін Германияның Галле қаласында алаңға шыққан. Үш сетке созылған матч 3:6, 6:3, 6:4 есебімен Бубликтің жеңісімен аяқталды.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да US Open-дегі жолын 4-раундта аяқтады.