
Ақмола облысында 348 азаматты ұрлап, олардың атынан несие алған ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Прокуратураның хабарлауынша, тергеу аяқталып, іс материалдары тараптарға берілді.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына еліміздің түрлі өңірінен 25 адам кірген. Олардың арасында елдегі 4 банктің қызметкерлері болған. Олардың қатысуымен 5 жылдан астам уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған.
«Қылмыс құрбаны болғандар – 348 азамат. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңге. Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды: Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленген мүліктің жалпы құны – 2,7 млрд теңге», – деп хабарлады прокуратура.
Қылмыстық топтың барлық қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.