Таразда оқушы қайтыс болды
Жарияланды

Таразда екі оқушы арасында жанжал шығып, бірі қайтыс болды. Ақпаратты Жамбыл облысы полициясы растады.
Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы «кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ақпаратта.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, тамызда Ақмола облысы Біржан сал ауданының Үлгі ауылында екі баланың үстіне найзағай түсіп, бір бала қайтыс болды.